Бақылау сұрақтары

1. Көміртекті нанотүтікшелердің құрылымын графенмен салыстыра отырып түсіндіріңіз.

    2.       Неліктен (10,10) хиральдылықтағы нанотүтікшелерге ерекше қызығушылық танытылады?

    3.       Нанотүтікшелердің электрөткізгіштік қасиеті олардың құрылымымен қалай байланысады?

    4.       “Хиральдылық” деген ұғым нанотүтікшелердің қандай қасиеттерін анықтайды?

    5.       Бірқабырғалы және көпқабырғалы нанотүтікшелердің айырмашылығын сипаттап, олардың әрқайсысына мысал келтіріңіз.

    6.       Нанотүтікшелердің құрылымындағы бесбұрыш пен жетібұрышты ақаулар олардың қасиетіне қалай әсер етеді?

    7.       Электрдоғалық және химиялық тұндыру әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз.

    8.       Нанотүтікшелерді инкапсуляциялау не үшін жүргізіледі? Қандай заттармен толтырылуы мүмкін?

    9.       Көміртекті нанотүтікшелерді болашақта қай салада қолдануға болатыны туралы өз ойыңызды жазыңыз.

    10.     Қандай құрылымдық факторлар нанотүтікшелердің металл немесе жартылайөткізгіш болуын анықтайды?

    11.     Неліктен нанотүтікшелердің беткі модификациясы олардың жаңа қасиеттерге ие болуына себеп болады?

    12.     Нанотүтікшелердің X, Y, T-тәрізді тармақталуы қандай ғылыми және технологиялық маңызға ие?

    13.     Нанотүтікшелердің беріктік, серпімділік, жылу және электр өткізгіштік қасиеттері олардың қандай салаларда қолданылуын қамтамасыз етеді?

    14.     Егер сізге нанотүтікшелерді алу үшін катализатор таңдау керек болса, нені ескерер едіңіз?

       15.     Көміртекті нанотүтікшелердің қолданылуы экологиялық немесе биомедицина салаларында қандай мүмкіндіктер береді?